Мемлекеттік мекемелерге арналған 1С:Бухгалтерлік есеп

«1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп. Үлгілік конфигурацияны тәжірибелік қолдану» бухгалтерлік курсы.

Курстан өту тыңдаушыларға:

  • «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясының тұтастығын алуға мен дұрыс түсінуге, ол Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарында бухгалтерлік және салық есебінің міндеттерін жедел және нақты шешуге;
  • Тыңдаушыларға «1С: Кәсіпорын 8» бағдарламасының жүйесімен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын алуға және бекітуге мүмкіншілік береді.

Курсты өткен соң, тыңдаушылар олардың алдына қойылған тәжірибелік тапсырмаларды тиімді шешуге арналған конфигурациямен жұмыс істеудің пайдаланушылық дағдыларын игереді.

Курс ұзақтығы: 40 академиялық сағат

Курстың қысқаша мазмұны:

 

  • «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясының негізгі функционалдық мүмкіншіліктері» — бұл бірнеше кәсіпорындарды бір ақпараттық базада есептеуді жүргізу мүмкіншілігі, бірнеше кәсіпорындар бойынша шоғырландырылған есептілікті алу,қаржыландыруды есептеу, ағымдағы шоттардағы қаражат қозғалысының болуын және қозғалысын есептеу, бағынысты тұлғалармен есептесулерді есептеу, аталық төлемді есептеу, кадрлық есеп, жалақыны есептеу, салықты, ұсталымдар мен алымдарды, жарналарды есептеу.

 

  • Конфигурациямен жұмыстың негізгі принциптері  — бағдарламамен жұмыс істеу үшін екі режим қарастырылған: конфигуратор (ақпараттық базаны конфигурациялау және әкімшілендіру жөніндегі жұмыс үшін) және ақпараттық базамен пайдаланушылар жұмыс істеу үшін  «1С:Кәсіпорын.
  • Есептеудің негізгі параметрлері — ақпараттық базаны бастапқы толтыру үшін «Старттық көмекшіні» өңдеуді іске қосу ұсынылады, бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары және салық есебінің шоттарының жоспары қарастырылады, бухгалтерлік және салық есебі шоттарының сәйкестігі белгіленеді, анықтамалықтарды: «Валюталар», «Банктер», «Кассалар» толтыру жүргізіледі.
  • «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясымен жұмыстың бастапқы сатысы – ­­«Балалық және жастық орталығы» ҚМКК мысалында бухгалтерлік және салық есебін жүргізу мүмкіншілігі қарастырылады.
  • Қаржыландыруды есептеу — «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясында қаржыландыру мен олардың шығыстарының қосындысының қозғалысын есептеу «Қаржыландыру көздері», «Бағдарламалар», «Сметалар қатары» анықтамалығының көмегімен, сондай-ақ «Ақшалай қаражат қозғалысының баптары» және «Шығындар баптары» анықтамалығының көмегімен ұйымдастырылды. Қаржыландыру жоспарын енгізу үшін, сондай-ақ конфигурацияда жоспарлы цифрлардағы өзгерістерді тіркеу үшін «Смета бойынша жоспар» құжаты іске асырылды.
  • Кассалық және банктік операцияларды есептеу. Бағынысты тұлғалармен есептесулер — Қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз қаражаттың қозғалысын есептеу қаржыландыру көздерінің және шығыстарды топтау баптарының бөлінісінде іске асырылды. «Кіріс төлем тапсырмасы», «Шығыс төлем тапсырмасы», «Төлем ордері (ақшалай қаражаттың келіп түсуі)», «Төлем ордері (ақшалай қаражатты есептен шығару)» құжаттарымен, сондай-ақ «Кіріс кассалық ордер» және «Шығыс кассалық ордер» кассалық құжаттарымен жұмыс істеу қарастырылады. Бағынысты тұлғалармен есептесулерді есептеу «Аванстық есеп» құжатының көмегімен іске асырылады. Бағынысты тұлғалармен жасалған операциялардың қорытындысы бойынша «№8 Журнал ордері» есебі құрылады.
  • Тауарлық-материалдық қорларды есептеу — бухгалтерлік есеп шоттарындағы қорларды есептеу бағдарламалардың бөлінісінде, сондай-ақ оларсыз да жүргізілуі мүмкін. Қоймалар бойынша сандық және сандық-жиынтық есептеу мүмкіншілігі іске асырылған. Түсім (ақысыз алу), есептен шығару, ішкі жылжу, қорларды сату, сатып алушыдан қайтару сияқты материалдық қорлардың барлық қозғалыстары белгіленеді. Конфигурацияға «Алу парағы» және «Жол-сапар парағы» құжаттары енгізілген. Жол-сапар парағы бойынша есептен шығарылған ЖЖМ түріне байланысты километраж немесе мотто-сағат бойынша есептен шығару нормасын есептеуге болады. Сериясы және жарамдылық мерзімі бойынша дәрі-дәрмектерді есептен шығару, сондай-ақ аталық төлемді есептеу мүмкіншілігі іске асырылады.
  • Контрагенттермен өзара есеп айырысуды есептеу — қаржыландыру көздерінің бөлінісінде, шығыстарды (бағдарламаларды) топтастыру баптарында есептеуді жүргізу іске асырылды. Контрагенттермен есептесуді есепке алу үшін мына есептер құрылады: «№6 журнал-ордер», «Жеткізушілердің шарттары бойынша есеп», «Шарттарды орындау» есебі, сондай-ақ «Өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі» мен «Қарызды түзету» құжаттарымен жұмыс қарастырылады.
  • Негізгі қаражатты және материалдық емес активтерді есептеу — конфигурацияда негізгі қаражат пен материалдық емес активтерді есептеу үшін «Негізгі қаражат» пен «Материалдық емес активтер» анықтамалықтары қарастырылған. Активтердің келіп түсуі «Негізгі қаражат» парақшасында «ТМҚ және қызметтердің түсімі» құжатының көмегімен, материалдық емес активтердің түсуі «МЕА түсімі» құжатымен жүзеге асырылады.  «НҚ есебіне қабылдау» және «МЕА есебіне қабылдау» қүжаттары негізгі қаражаттың (материалдық емес активтің) сипаттамалары туралы негізгі ақпаратты енгізуге, оның ішінде өтемпұлды есептеу тәсілі туралы, шығыстарды көрсету тәсілі, жылдық өтемпұл пайызы және т.б. туралы ақпаратты енгізуге мүмкіншілік береді.
  • Жалақы және кадрлық есеп — «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясы кадр есебін жүргізуді, оның ішінде жұмысқа қабылдауды тіркеу, босату, кадрлық жылжулар (лауазымның, бөлімшенің, қызметақының өзгеруі және т.б. ), ұйымның іссапарларын болжайды. Кадр есебінің маңызды құраушы бөлігі болып жұмыс өтілінің өзгеруіне байланысты негізгі коэффициенттің (және тиісінше қызметақының) өзгеру мүмкіншілігі болып табылады. Жалақыны есептеу өзіне еңбекақыны әр түрлі нысандарын, жылдық орташа еңбекақыны есептеу мүмкіншілігін, салықты есептеуді, атқарушы парақтар бойынша ұсталымдарды,  жалақыны депозиттеуді, жалақыны, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік ұсталымдарды аударуды қамтиды.
  • Өндірісті есептеу — қызметтерді көрсету жөніндегі ұйымның қызметімен байланысты мына шаруашылық операцияларды көрсету қарастырылған:
    • Қызметтердің өндірісіне арналған ТМҚ есептен шығару;
    • Жалақы бойынша шығыстар мен еңбекақы аударымдарын өндірістік шығындарға жатқызу;
    • Бөгде ұйымдар көрсететін қызметтерді көрсету және өзге өндірістік жүкқұжат шығыстары.
  • Қосымша құн салығын есептеу — ҚҚС төлеушісі болып табылатын ұйым үшін ҚҚС-ні есепке жатқызу тәсілі (пропорционалды немесе бөлек) және ҚҚС бойынша салық кезеңі (ай немесе тоқсан) көрсетіледі. Алынған және берілген шот-фактураларды есепке алу журналдарын жүргізу автоматтандырылды.  ҚҚС әр түрлі ставкаларын қолданумен, импорт кезінде ҚҚС әр түрлі түрлерімен байланысты тауарлар мен қызметтердің түсімі мен сату жөніндегі шаруашылық операциялар, сондай-ақ ҚҚС төлеу жөніндегі салық агентінің міндеттемелерін орындау байқалады.
  • Регламенттік операциялар — кезеңді аяқтау ресімін «Айды аяқтау» құжаты орындайды, онда автоматты түрде айдың аяқталуы бойынша орындалатын регламенттік операциялар есептеледі. «Айды жабу» құжаты қаржыландырудың әр көзі бойынша жеке енгізіледі.
  • Есептер — стандарттық есептерде (айналмалы-сальдо тізімдемесі, шот бойынша айналмалы-сальдо тізімдемесі, «шахматка», шотты талдау, шот карточкасы және т.б.), қаржы есептерінде (мысалы, Бухгалтерлік теңгерім, Ақшаның қозғалысы туралы есеп, Кірістер мен шығыстар туралы есеп, «Жеке капиталдағы өзгерістер туралы есеп»), мемлекеттік статистикалық есептілікте (№1-Т нысаны (тоқсандық, айлық), №11 жылдық нысан), салық есептілігінде, әмбебап есептерде көрсетілген.
  • Қорытынды — курстың аяқталуы бойынша әр тыңдаушы «Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындарына арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясымен жұмыс істеу дағдыларын, сондай-ақ «1С» фирмасы әзірлеген әдістемелік материалдарды және курстың өтуі туралы «1С» фирмасының куәлігін алады.

Comments are closed for this post.