Бағдарламалық өнімдерді жазу

Жоғары технологиялардың дамуы барлық бизнес салалардың дамуына себепші болып отыр. Сондықтан қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның қызметін әр түрлі бағдарламалық өнімдерді пайдаланбай елестету мүмкін емес. Егер Сізге сапалы бағдарламалық қамтамасыз ету қажет болса және Сіздің кәсіпорныңыз заманмен бірге адымдап жүрсе – біз Сізге кез-келген күрделі бағдарламалық жобаны іске асыруға көмектесеміз.
Біздің компаниямыздың негізгі жұмыс бағыты – тапсырыс беру арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бұл дегеніміз Сіздің кішкене қосымша бағдарлама немесе ауқымды ұжымдық бағдарламалық қамтамасыз ету болсын кез-келген тілек-өтініштеріңізді іске асыруға қуана кірісеміз.
Біздің командамыз – өз ісінің нағыз кәсіпқой және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес түпкілікті өнімге толық қол жеткізетін майталмандар.
Әдетте, БҚ тапсырыс беру арқылы әзірлеу бірнеше қадамдарды қамтиды.
Бірінші саты – бұл инициация. Тапсырыс беруші бізге қолайлы тәсілмен байланысып, жоба бойынша өзінің тілектерін сипаттайды.
Екінші саты – Тапсырыс берушінің талаптарын арнайы құжатта тіркеу арқылы анықтау. Әдетте мұндай құжатты техникалық тапсырма (ТТ) деп атайды,оны Сіз жеке өзіңіз жасай аласызне біздің мамандарымыз оны Сіз үшін барлық пікірлерді ескере отырып, дайындайды.
Үшінші саты – сәулет ерекшелігі мен жобасын анықтау. Әзірлеудің аталған қадамы модульдерді, құрылымдарды, компоненттерді, макеттерді, схемаларды сипаттауды қамтиды.Тек содан кейін ғана жүйелік ерекшеліктер келісіліп, бекітіледі, жобаны тікелей әзірлеу басталады.
Төртінші саты – БҚ әзірлеу және тестілеу. Аталған саты көптеген үдерістерді қамтиды: бағдарламалық кодты жазу, өнімді тестілеу,Тапсырыс берушімен жұмыстың орындалу бөлігін талқылау. Тапсырыс беруші өнімді өзгертуге талаптарды анықтаған соң біздің мамандар өнімге өзгерістер енгізеді, содан кейін жүйе енгізіледі. Түзетулерді қанша қажет болса, Сіздің күтіп отырған нәтиже бойынша соншалықты енгізеді,
Жұмыс соңында Тапсырыс беруші жеткізу шартына байланысты техникалық ерекшеліктерді, бастапқы бағдарламалық кодтарды, жүйелік модульдерді, пайдаланушы басшылығын және өзгелерді алады.
Сондай-ақ Тапсырыс берушіні БҚ-мен жұмыс істеуге және ары қарай техникалық қолдауға үйрету де қарастырылған.
Біздің мамандар әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз ету бұл ұзақ, ыңғайлы және үздіксіз пайдалануға кепілдік береді