1С: Бухгалтерия 8 Қазақстанға арналған

«1С:Бухгалтерия 8» — бухгалтерлік және салық есебін, оған қоса міндетті (регламенттелген) есептілікті дайындауды қоса алғанда автоматтандыруға арналған жалпы маңыздағы әмбебап бағдарлама. Бұл кез-келген коммерциялық қызметті жүзеге асыратын: көтерме және бөлшек сауда, комиссиялық сауда, қызмет көрсету, өндіріс және т.б. ұйымдарда есепті жүргізуге арналған дайын шешім. «1С: Бухгалтерия 8 Қазақстанға арналған» бағдарламасының көмегімен – әр фирма бойынша жеке […]

Заказать

Бесплатные услуги при покупке программы


 


Доставка и установка

Консультации по телефону

Информационно-технологическое сопровождение

Курсовое обучение в Учебном Центре

«1С:Бухгалтерия 8» — бухгалтерлік және салық есебін, оған қоса міндетті (регламенттелген) есептілікті дайындауды қоса алғанда автоматтандыруға арналған жалпы маңыздағы әмбебап бағдарлама. Бұл кез-келген коммерциялық қызметті жүзеге асыратын: көтерме және бөлшек сауда, комиссиялық сауда, қызмет көрсету, өндіріс және т.б. ұйымдарда есепті жүргізуге арналған дайын шешім.

«1С: Бухгалтерия 8 Қазақстанға арналған» бағдарламасының көмегімен – әр фирма бойынша жеке ақпараттық базада немесе жалпы ақпараттық базада бірнеше ұйымның бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге болады. «1С: Бухгалтерия 8 Қазақстанға арналған» қолданыстағы Қазақстанның заңнама талаптарын ескереді, конфигурациясында 22.12.2005ж. «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (негізді) бекіту туралы» ҚР ҚМ № 426 бұйрығымен бекітілген нұсқаулық бойынша әзірленген шот жоспарлары іске асырылды.

«1С: Бухгалтерия 8 Қазақстанға арналған»:

  • салық есебін: ҚҚС, шоттардың салық жоспарын есепке алуға, салық тіркелімдерін автоматты түрде құруға және салық декларациясына арналған деректерді дайындауды,
  • тауарлық-материалдық қорларды есепке алу: материалдық-өндірістік қорларды оларды шығару кезінде бағалаудың әр түрлі тәсілдері, партиялық есеп, өзіндік құнды бағалаудың әр түрлі тәсілдерін,
  • банктік және кассациялық операцияларды есепке алу: төле тапсырмаларын, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін енгізу және басып шығару, қолма-қол ақшалай енгізу және алу, шетел валютасын сатып алу және сатуды,
  • жеткізушілермен және сатып алушылармен есеп айырысуды есептеу: есеп теңгемен, шартты бірлікпен және шетел валютасында, операция бойынша курстық және сома бойынша айырмашылықты автоматты есептеуді,
  • жалақыны есептеу және кадрлық есеп: қызметкерлерді негізгі жұмыс орны бойынша және қоса жұмыс атқару бойынша есептеу, жалақыны, салықтар мен жарналарды есептеу, есептілікті жасауды жүргізуге мүмкіндік береді.

«1С:Бухгалтерия 8 Қазақстанға арналған» бағдарламасын пайдалану барлық қажетті есеп деректерін бухгалтерияға сенімді беруге кепілдік береді. Есептілікті автоматты құру дұрыс емес толтыру мен солармен байланысты проблемалар тәуекелін азайтады. Салық есебі шотының жеке жоспарын пайдалану бухгалтерлік және салық есебінің деректерін салыстыруды жеңілдетеді, ол салық есептілігінің нысанын құру кезінде аса маңызды.

ОПЕРАЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПРЕД… – КӘСІПОРЫННЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

ПЕРВИЧНЫЕ ДОКУМЕНТЫ – БАСТАПҚЫ ҚҰЖАТТАР

ДАННЫЕ – деректер

УПРАВЛЕНИЕ ТОРГОВЛЕЙ –Сауданы басқару

Зарплата и  Управление персоналом – Жалақы және Қызметкерді басқару

Совместная работа – біріккен жұмыс

Бухгалтерская и налоговая отчетностьь – Бухгалтерлік және салық есептілігі

«1С:Бухгалтерия 8»  «1С:Кәсіпорын 8» платформасы мен «Кәсіпорын бухгалтериясы» конфигурациясының жиынтығын білдіреді. «1С:Бухгалтерия 8»-да «Сауданы басқару» және «Жалақы және Қызметкерді басқару» қолданбалық шешімдерімен бірге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Егер бухгалтерлік қызмет кәсіпорынның есебіне, мысалы, бастапқы құжаттардың көшірмесі, сату есебі және т.б. толық жауап берсе, «1С:Бухгалтерия 8» кәсіпорынның бухгалтерлік қызметінің барлық тапсырмаларының шешімін қолдайды. Аталған қолданбалық шешімді сондай-ақ бухгалтерлік және салық есебін жүргізу үшін пайдалануға болады.

«1С:Бухгалтерия 8» НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӘСІБИ НҰСҚАЛАРЫ

«1С:Бухгалтерия 8» екі нұсқада шығарылады: НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӘСІБИ.

НЕГІЗГІ нұсқаның бірқатар шектеулері бар:

  • бір ақпараттық базада бірнеше фирма бойынша есеп жүргізу қолданылмайды; бірнеше ұйымның есебін бір компьютердегі жекелеген ақпараттық базада жүргізеді;
  • бір ақпараттық базамен бірге тек бір ғана пайдаланушы жұмыс істей алады;
  • конфигурацияны өзгерту қолданылмайды, тек типті конфигурацияны қолдануға және оның жаңартуға болады;
  • клиент-сервер нұсқасында жұмыс қолданылмайды;
  • бөлінген ақпараттық базада жұмыс қолданылмайды;
  • COM-қосылыс пен Automation-сервер қолданылмайды.

Егер ұйымда бірыңғай ақпараттық базада көп фирмалы есепті жүргізу, бірнеше пайдаланушының бір уақытта жұмыс істеуі  қажеттілігі туындаса, НЕГІЗГІ нұсқаның шектеуі аясында шешілмейтін басқа міндеттер пайда болса, онда ұйым «1С:Бухгалтерия 8» бағдарламасының КӘСІБИ  нұсқасына енгізілген деректерді жоғалтпай ауыса алады.




Comments are closed for this post.