1С: ҚР мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп

1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп, 3.0 редакция Бағдарламалық өнімнің қысқаша сипаттамасы  «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясының 3.0 редакциясы  қолданбалы шешімдердің жоғары серпімділігі мен күйге келтіруін, ауқымдылығын, өндірімділігін және эргономикалығын қамтамасыз ететін, 1С: Кәсіпорын 8 технологиялық платформасында әзірленген. «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясы мемлекеттік мекемелерді есепті жүргізуді автоматтандыруға арналған. […]

Заказать

Бесплатные услуги при покупке программы


 


Доставка и установка

Консультации по телефону

Информационно-технологическое сопровождение

Курсовое обучение в Учебном Центре

1С:Кәсіпорын 8. Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп, 3.0 редакция

Бағдарламалық өнімнің қысқаша сипаттамасы

 «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясының 3.0 редакциясы  қолданбалы шешімдердің жоғары серпімділігі мен күйге келтіруін, ауқымдылығын, өндірімділігін және эргономикалығын қамтамасыз ететін, 1С: Кәсіпорын 8 технологиялық платформасында әзірленген. «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясы мемлекеттік мекемелерді есепті жүргізуді автоматтандыруға арналған. Конфигурацияда Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасының нұсқаулықтары мен қолданыcтағы нормативтік құжаттардың ережелері мен талаптарына сәйкес мемлекеттік мекемелерге арналған стандартты бухгалтерлік есептің әдістемесі қолданылады. Конфигурация негізіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік есептің шот жоспары алынған.

 «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясының 3.0 редакциясы жалпы сектордағы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес әзірленген.

«Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» бағдарламалық өнім «1С:Кәсіпорын 8.2» технологиялық платформасын және «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясын (қолданбалы шешім) қамтиды.

 «1С:Кәсіпорын 8.2» есепті жүргізуді автоматтандыратын әмбебап жүйе болып табылады. Ол есептеудің әр түрлі жүйелерін, есептеудің әр түрлі әдістемелерін қолдай алады,  әр түрлі типтегі қызмет ететін кәсіпорындарда және ұйымдарда пайдаланыла алады. «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерлік есеп» конфигурациясында Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер үшін стандартты есептеу әдістемесі іске асырылды.  Конфигурация қоғамдық сектордың қаржылық есептілігінің халықаралық стандартына сәйкес келеді. «Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне арналған бухгалтерия» конфигурациясында мемлекеттік мекемелер үшін есептеудің мемориалдық-ордерлік жүйесі мен есептеу жоспары болжанады. Барлық бухгалтерлік операцияларды есептеу бюджеттік бағдарламалар, шығындардың (барлық шығыстардың) ерекшелігі мен баптары бөлінісінде жүргізіледі.

• Бірнеше мекемелер бойынша есеп жүргізу

• Бюджет шығыстары классификациясының баптары бөлінісінде есеп жүргізу
• Қаржыландыру жоспарын есептеу
• Шарттарды тіркеу
• Қаржы рұқсаттарын есепке алу
• Төлем құжаттарын күйге келтіру және қалыптастыру
• Кадр есебі
• Жалақы
• Есеп беретін адамдармен есеп айырысуды есептеу
• Қорларды есептеу
• Ұзақ мерзімді активтерді есептеу
• Контрагенттермен есеп айырысуды есептеу
• Регламенттік операциялар
• Стандартты есептер
• Мемориалдық ордер
• Бюджеттік есептер
• Регламенттелген есептер және т.б.

 «Қаржы есептілігі» тобына бухгалтерлік теңгерім есебі, активтер мен міндеттемелердегі өзгерістер туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп, түсіндірме жазба енгізілген.

«Салық есептілігі» тобына жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация (200-нысан) және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке табыс салығы мен әлеуметтік салығы жөніндегі декларация (210-нысан) енгізілген.

«Мемлекеттік статистикалық есептілік» тобына еңбек жөніндегі есеп (№1-Т нысан (айлық және тоқсандық)  айлық нысанға №1 қосымшамен бірге) енгізілді.

«Өзге» есептер тобына жеке табыс салығын және әлеуметтік салықты есептеу және ұстау, МЗТ есепке алу карточкасы, ӘС есепке алу карточкасы, жалақысы туралы анықтаманы, жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары кірістерінен жүзеге асырылған кірістер жиынтығы туралы анықтама, әлеуметтік тәуекелдің түсудің алдындағы он екі айда кірістер туралы жұмыс орнынан анықтама енгізілген.




Comments are closed for this post.