«Smart Technology Service» ЖШС «1С: Кәсіпорын 8» жүйесінде конфигурациялау. Есептеу тапсырмаларын шешу» курсынан өтуді ұсынады.
Оқыту мақсаты: «Такси» интерфейсі бар басқарылатын қосымша режиміндегі «1С: Кәсіпорын 8.3» жаңа жүйесіндегі жалақыны есептеу тапсырмаларын конфигурациялау дағдыларын әзірлеу.
Оқытудан өту нәтижесінде тыңдаушылар үйренеді:
- Жалақыны есептеу тапсырмасын шешуге арналған «Есептеу түрлерінің жоспары» мен «Есептеу тіркелімі» конфигурациясы объектілерін жеке жобалау;
- Есептеу тіркелімінде қозғалысты бағдарламалық құру;
- Тіркелімнің виртуалды кестелерінің көмегімен есептеу мен ұсталымдарды есептеуге арналған қажетті деректерді: есептеу базасының жиынтығын, кезеңдегі жұмыс уақытының жоспарлық санын, кезеңдегі нақты істелген уақыт санын алу;
- Есептеудің әр түрлі тәсілдерін есептейтін формулалардың кодын бағдарламалау;
- Есептеудің негізгі түрлерінің бөлінісінде есептеу базасының жиынтығын алу;
- Алдыңғы (жабық) кезеңдердің есебі нәтижелерін түзету үшін түзетпе сомаларын құру;
- Қайта есептеуді орындау үшін қажетті есептеу тіркелімінен деректерді алу;
- Есептеулер мен ұсталымдар бойынша есептерді әзірлеуге арналған деректерді құрастыру тетігін пайдалану.
Курс ұзақтығы: 20 академиялық сағат
Курстың қысқаша мазмұны:
- Жалақыны есептеудің ерекшеліктеріне шолу
- Бірінші ерекшелік: жалақыны есептеудің қатаң кезеңділігі. Тіркеу кезеңі ұғымы
- Есептеу формулаларының қарапайымдылығы
- Негізгі тәуелділік
- Есептеулер мен ұсталымдар
- «Әрекет ету кезеңі» ұғымы. Әрекет кезеңіне тәуелділік
- «Әрекеттің нақты кезеңі» ұғымы
- Жалақыны есептеу ерекшеліктеріне шолудан қысқаша қорытынды
- «1С:Кәсіпорын» платформасының есептеу тетіктерінің құрамы
- Оқу міндетін қою
- Техникалық тапсырма, бірінші кезек
- Бастапқы деректер мен қажетті деректер
- Техникалық тапсырманың бірінші кезегінің түпкілікті тұжырымдау
- Оқу конфигурациясын құру
- Конфигурацияның есептеу объектілері
- Есептеу түрлерінің жоспарлары
- Негізгі есептеулер» есебінің түріне жоспар құру
- Есептеу тіркелімдері
- Есептеу тіркелімі құрылғысын белгілеу және логикалық орнату
- Есептеу тіркелімі кестесінің алаңдарының құрылымы
- «Негізгі Есептеулер» есептеу тіркелімін құру және күйге келтіру
- Жалақыны есептеу сеансының қадамдары (сатылары)
- Есептеу сеансының бірінші қадамы
- Есептеу сеансының екінші қадамы
- Есептеу сеансының үшінші қадамы
- Есептеу сеансының екінші және үшінші қадамын орындаудың көп реттілігі
- «Негізгі Есептеулер» тіркелімін есептеу сеансын есептеу алгоритмдерін іске асыру
- «Жалақыны Есептеу» құжат құрылымын конфигурациялау
- Есептеу тіркелімі бар бағдарламалық жұмыс принциптерін қысқаша баяндау
- «Жазбалар Жиынын Толтыру» ресімі
- Есептеу сеансының бірінші қадамының бағдарламалық коды
- Есептеу тіркелімін жазудың «Жазу» жиынтығы тәсілінің ерекшелігі
- «Жалақыны есептеу» құжатының данасын құру және құжатқа «Қызметақы» есептеу түрінде енгізу
- Құжатты өткізу – бастапқы деректерді есептеу тіркеліміне жазу
- «Негізгі Есептеулер» тіркелімін есептеу сеансының екінші және үшінші қадамының бағдарламалық коды
- Есептеу тіркелімінде бірнеше негізгі тіркелімдердің болуы
- Техникалық шарт, екінші кезек
- Есептеу объектілерінің екінші жұбын құру
- Есептеудің негізгі түрлерінің бөлінісінде база жиынтығын алу
- «База» виртуалды кестесіндегі «Бөліністер» параметрі
- Сауалды әзірлеу
- Есептеулер бойынша есепті әзірлеу
- Өткен кезеңдердің есептеу нәтижелерін түзету
- Өткен кезеңдегі есептеу нәтижелерін түзетудің мүмкін еместігі
- Өткен кезеңдегі есептеу есептелуі тиіс жағдай
- Сторно
- Сторно соманы есептеуге арналған платформа құралы. «Қосымшаны Алу» тәсілі
- Сторно-жазбалар кестесін өңдеу циклі
- Сторно-жазбалар қатарын өңдеу ресімі
- Қайта есептеулер
- Қайта есептеу бойынша тәуелділік
- Қайта есептеу бойынша тәуелділік әрекет ету кезеңі мен базаға қарағанда кең
- «Есептеудің Жетекші Түрлері» стандартты кесте бөлігі
- «Есептеудің Жетекші Түрлері» кесте бөлігін толтыру
- «Қайта есептеу» конфигурациясының объектісі
- Қайта есептеумен жұмыс істеу объектілік үлгісі
- Қайта есептеу жағдайын жасау және қайта есептеу бағдарламалық іске асырудың бірінші проблемасы
- Қайта есептеу бағдарламалық іске асырудың екінші проблемасы
- Қайта есептеуге жататын қажетті деректер жазбасын алуға арналған сауал
Осы БНЖ сертификатталған курсынан өткен әр тыңдаушы «1С» фирмасының куәлігін алады.