«1С:Жалақы және Қызметкерді Басқару 8» бағдарламасы еңбек жалақысын кешенді автоматты есептеу мен кәсіпорынның кадр саясаты іске асыруға арналған. Бұл жаңа сатыдағы қолданбалы шешім, онда заңнаманың талаптары, сондай-ақ кәсіпорын жұмысының нақты тәжірибесі, сондай-ақ қызметкерді ынталандыру мен басқару тәсілдерін дамытудың перспективалы әлемдік үрдістері ескерілген.
Қолданбалы шешім қызметкерді басқару қызметтерінде, сондай-ақ қызметкерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүдделі басқа бөлімшелерде сәтті қолданылуы мүмкін. Шешімнің көмегімен басқару және есеп қызметінің мына бағыттары автоматтандырылады:
- қызметкерге қажеттілікті жоспарлау;
- кадр бизнесін қамтамасыз ету міндеттерін шешу – іріктеу, сауалнама және бағалау;
- қызметкерлердің құзыретін, оқытуды, аттестацияны басқару;
- қызметкердің қаржы ынталандыруын басқару;
- қызметкерді жұмыспен қамтуды тиімді жоспарлау;
- кадрды есепке алу және кадр құрамын талдау;
- еңбек жалақысын есептеу және төлеу;
- заңнама реттелген салықтар мен жарналарды еңбекті төлеу қорынан есептеу;
- кәсіпорын шығындарында есептелген еңбек жалақысы мен салықтарды көрсету.
«1С: Жалақы және Қызметкерді Басқару 8» қолданбалы шешімімен автоматтандырылатын нысаналы аймақ мына схемада түсіндіріледі.
Бағдарлама бірыңғай кәсіпорынды құрайтын бизнес ұйымының көзқарасы тұрғысынан бірнеше ұйымнан – заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің атынан бірыңғай ақпараттық базада есеп жүргізуге мүмкіншілік береді.
1С:8 бағдарламасын сатып алу бірыңғай ақпараттық жүйені ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.
Бағдарламада параллельді түрде есептің екі түрі жүргізіледі: басқарушылық және регламенттелген. Басқарушылық есеп кәсіпорын бойынша жалпы жүргізіледі, ал регламенттелген есеп әр ұйым үшін жеке жүргізіледі.
«1С: Жалақы және Қызметкерді Басқару 8» кәсіпорын қызметкерлерінің барлығына пайдалы болады.
- Басшылық болған іс-әрекеттерді толық бақылауға, кәсіпорын және оны құрайтын ұйымдардың құрылымын белгілеуге, кадр құрамын талдауға, толық және шынайы ақпарат негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіншілігі болады. Жан-жақты талдау есептері пайдаланушыға еркін бөлікте ақпарат береді.
- Кадр қызметі кертартпа міндеттерді автоматтандырудың құнды аспабын алады, оның ішінде іріктеу және сұрыптаудың әр түрлі шарттары бар қызметкерлер туралы есептерді дайындауды және сауалдаманы алады.
- Кәсіпорынның қызметкерлері кез-келген сәтте оларға қажетті анықтамаларды, өзінің демалысы туралы мәліметтерді, Зейнетақы қорындағы дербестендірілген шот деректерін тез алатынына сенімді болады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу мақсатында «1С:Жалақы және Қызметкерді Басқару 8»қолданбалық шешімнің «1С:Бухгалтерия 8» бағдарламасымен біріккен жұмысы қамтамасыз етіледі.